қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2021

Self-MADE: арманыңды басқар!

 

2021 жылдың 25 ақпанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Қуанышбаева Жазира, Карибаев Олжас және Кантаева Қуралай офлайн-оқуға келген 1-курс студенттерімен жатақханада кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттермен сұхбаттасып, жоғары білім үрдісіндегі мәселелер туралы әңгімелесті. Студенттермен кездесуде «Self-MADE: арманыңды басқар!» тұлғалық даму тренингі өткізілді. Тренингке қатысқан студенттер өмірлік мақсат қойып, оған жету жолдарын жоспарлауды және ресурстарды тиімді басқару дағдыларын жетілдірді.

 

   

 

   




Кері оралу