қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

Тағылымы мол ғылыми тағылымдама

 

2019 жылдың 18-28 қарашасы аралығында Литва республикасының Вильнюс қаласындағы Vytauto Didziojo университетінде Тарих және құқық институтының «6М011400-Тарих» мамандығының 2-курс магистранттары оқу тәжірибесінің негізінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.

 

Оқу-тәжірибелік сапарларында Литваның білім саясаты, мәдениеті, ғылымы, тілдік-ұлтаралық саясат, интеграциялық даму үрдістері т.б. тақырыптар жайында дискуссиялық пікір алаңдарына қатысып, ой-пікір алмасып, апталық дәрістік күнтізбе бойынша - профессор Лютаурас Дегесис, профессор Ала Петрулите, профессор Гиедре Ришкуте Каринаускене, доцент Наталия Авина сияқты білікті мамандардың сапалы мазмұнда семинарларын тыңдап, білім нәрімен сусындап, білімдерін шыңдап қайтты.

 

Ғылыми тағылымдама сапары барысында Vytauto Didziojo университетін көп ұлттық тәжірибелерімен, тың мәліметтерімен танығандықтарын айтып, көңілге өте қонымды пікірлерімен ортақтасты. Сонымен қатар, Литваның «Ескі қала» бөлігінде елдің тарихына қатысты біршама ғимараттарды аралаған. Онда Гедимин мұнарасына барып, мұнараның өте әдемі, көз тартарлық көркіне тамсанып, патшаның ерлік істеріне куə болғандарын, тарихи мұнараның өте əдемі, алыстан көз тартар ғимарат архитектурасына таң қалғандықтарын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

 

Тағылымдамадан өтіп келген магистранттар ғылым дәрежесінде тағы бір қадам алға жылжуға аталған тағылымдаманың орны ерекше екендігін айтып, тек отандық ғана емес, батыстық оқу тәжіребиелерімен танысуға бірден бір себепкер болған институт және университет басшылығына шын жүректен алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler