қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2019

«Рухани жаңғыру»:100 жаңа оқулық


2019 жылғы 3 қазанда «Рухани жаңғыру»:100 жаңа оқулық аясында Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Рахимова Гүлнара Дүйсенқызы шеберлік-сыныбын жүргізді. Ол Жаратылыстану және география институтының 2-курс студенттеріне Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 қыры» атты еңбегінің жазылу тарихы мен оқырмандарға берер құндылықтары жөнінде кеңінен баяндап берді.


«Жасампаз жандардың 7 дағдысы» 70-тен аса елде 30 млн данамен кең таралған кітап әлемнің номері 1-ші бестселлерлері қатарына енген. Бұл еңбектің негізгі мақсаты адамзат баласына бай да бақуатты өмір кешудің мүмкін екендігін түсінікті қарапайым тілмен оқырмандарға жеткізе білуімен ұтымды болып отыр. Яғни:
Бірінші дағды: Ылдым-жылдым болыңыз;
Екінші дағды: Түпкі мақсатыңызды жол басында елестетіп алыңыз;
Үшінші дағды: Басты іске баса мән беріңіз;
Төртінші дағды: «Ұттым/Ұттым» күйінде ойлаңыз;
Бесінші дағды: Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз;
Алтыншы дағды: Синергияға жетіңіз.


Студенттер дәрісті өте қызығушылықпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарымен бөлісті.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler