қазақша · русский · english
 
 
 
13.05.2019

Вильнюстегі сапалы тәжірибе

 

2019 жылдың 29 сәуірінен 10 мамыры аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «6М011400-Тарих» мамандығының 1 курс магистранттары  Литва Республикасының Витаутас Магнус атындағы педагогикалық білім академиясы университетінде оқу тәжірибесінде болып, дәріс алып, тағылымдамадан өтіп келді.


Оқу-тәжірибелік сапарларында олар Литваның білім саясаты, ғылымы, мәдениеті, тілдік-ұлтаралық саясат, интеграциялық даму үрдістері, қазіргі заманының актуальды проблемалары және тағы да басқа тақырыптар бойынша пікір сайыстарына қатысып, ой-пікір алмасып, апталық күнтізбе бойынша профессорлар Natalija Avina, Giedre Riskute, Ala Petrulyte, Stase Ustilaite, Sergejus Neifaches сияқты білікті мамандардың сапалы мазмұнды семинарларын тыңдады және заманауи жаңа бағытта білімдерін толықтырып қайтты.


Оқу-тәжірибелік дәріс барысында Литва педагогикалық білім академиялық университетінің көпұлтты тәжірибелерімен, тың педагогикалық мәліметтерімен, ойы ұшқыр қонымды пікірлерімен ортақтасты. Сабақ барысында ағылшын және орыс тілдерінде «Риторика в речевой коммуникации», «Обзор литовского искусства и культуры», «Стратегии развития креативности», «Экологическая модель преподавание здорового образа жизни», «Социальная психология детства» пәндерінен дәрістер өтілді.


Сонымен қатар, біздің магистранттарымыз Вильнюс қаласының тарихи орталықтарын аралап, Литваның мәдениетімен танысты. Бұл сапар Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың желісі де болғандай.


Тағылымдамадан өтіп келген Тарих және құқық институтының «6М011400-Тарих» мамандығының 1 курс магистранттары Ғылым сайысында тағы бір қадам алға жылжуға көмектесіп, тек отандық қана емес, шетелдік оқу тәжірибе үрдісімен жақын танысуға бірден бір себепкер болған университет әкімшілігіне шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler