қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2019

Шымкентте Жабай Батырдың туғанына 290 жыл толуына орай «Ұлы даланың батырлары - ұлттың рухы» атты конференция өтті

 

2019 жылдың 19-20 сәурінде Шымкент қаласында «Бәйдібек баба» республикалық қоры, «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр» қоры және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымының ұйымдастырумен батыр, қолбасшы, мәмілегер, әулие, Ақ тулы Жабай Қазбекұлының 290 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы даланың батырлары - ұлттың рухы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

 

Конференцияға алматылық ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлерінен құрылған делегация, соның ішінде университетіміздің белгілі педагог-ғалымдары: Әлем тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Айткүл Махаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.д. Сабира Сайфулмаликова, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, академик Темірхан Тебегенов қатысып қайтты. Конференцияда алыс және жақын шетелден келген Р.Р.Фахрутдинов, К.К.Раджабов, Д.Ч.Иманбердиев секілді татар, өзбек, қырғыздың танымал тарихшы-ғалымдары да баяндама жасап, қазақстандық әріптестерімен ой бөлісті. Конференция материалдары баспа және электронды нұсқаларымен бірге көпшілікке ұсынылды.


Шымкентте басталған конференция соңы батырдың туған жері Әлімтау өңірінде жалғасып, батыр рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды. Конференцияға қатысушылар Әлімтаудағы саябаққа ағаш отырғызды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler