қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2019

Ғылыми тағылымдама дәрісі

 

11 сәуірде Тарих және құқық институты бойынша Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Забира Мырзатаева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен өңірлік ғылыми тағылымдамамен келген «6М011400-Тарих» және «6М020300-Тарих» мамандығы магистранттарына «Айтылған тарих: ерекшелігі мен болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.


Дәріс тарихи зерттеулердің соңғы технологиялық құралдарымен таныстыруға бағытталған. Дәрісте ҚР ҰҒА академик М.Қ. Қойгелдиев жетекішілігіндегі Айтылған тарих ҒЗО «Халық тарих толқынында», «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» аталатын мемлекеттік бағдарлама аясында орындалған тапсырыстық ғылыми Жобалары және одан алынған теориялық-әдістемелік тұжырымдары баяндалды. Орталықтың жүргізген елішілік ғылыми-зерттеу экспедицияларының тарихи сұхбат материалдары, архивтік жеке іс-құжат материалдары, деректік оқу фильмдері сабақ мазмұнын байыта түсті.

 

Магистранттар дәріс барысында қызығушылық танытып, алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасудың қажеттілігі туралы өз ой-пікірлерін білдірді.

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler