қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

Ғылым-2019 онкүндігі аясындағы семинар-тренинг

 

2019 жылдың 2-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Ермек Бурибаевпен және з.ғ.д., профессор Жанна Хамзинаның бастамасымен ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Sсopus ғылыми деректер базасында, индекстелген журналдарда мақаланы қалай дайындауға және жариялауға болады» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

 

Семинар-тренинг барысында мақаланың мазмұны мен құрылымы бойынша талаптар мен зерттеу тақырыбы бойынша журналдарды таңдау, ғылыми-техникалық және ақпараттық мәліметтер мен қызметтерді ұсынатын беделді әлемдік жеткізуші Elsevier-дің негізгі құрылғылары туралы ақпараттар берілді.

 

Шараға қатысқан Ташкент мемлекеттік заң институтының профессор Мухамеджан Амонолла Закирович Өзбекстан Республикасы ғылымның дамуы мен білім жетістіктері туралы айтып, өзбек еліндегі танымал журналдарда мақалалар жариялаудың тиімді жолдарын көрсетіп, баяндама жасады.

 

Семинар соңында шараға қатысушылар, Sсopus ғылыми деректер базасында, индекстелген журналдарда мақаланы қалай дайындауға және жариялауға болатыны жөнінде ақпарат беріп, баяндама жасағандарға және тренингті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

   

 

  

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler