қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

Ғылым онкүндігі аясындағы семинар-тренинг

 

2019 жылдың 2-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтында Түркиядағы Ақтеңіз университетінің профессоры Шахин Филиз университеттің профессор-оқытушылар құрамына, PhD докторанттары мен магистранттарына «Ғылым мен білім жетістіктері және олардың білім беру жүйесіндегі технологияларда қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында семинар - тренинг жүргізеді.

 

3 сәуірдегі семинар-тренингтің дәрісінде әлемдік ғылымның дамуы мен білім жетістіктері туралы айтылып, Түркия еліндегі танымал журналдарда мақалалар жариялаудың тиімді жолдары көрсетіліп, баяндалды.

 

«Ғылым мен білім жетістіктері және олардың білім беру жүйесіндегі технологияларда қолданылу ерекшеліктері» семинар-тренингі 2019 жылдың 1-12 сәуір күндері аралығында ғылым-білім саласы бойынша әр-түрлі тақырыптарда өтеді. Семинарға толық қатысқан қатысушыға 72 сағат көлемінде халықаралық сертификат табысталады.

 

   

 

   

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler