қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

«Дені сау ұрпақ - ел болашағы» республикалық чемпионаты

 

2019 жылдың 25-28 наурызы аралығында Талдықорған қаласында армрестлингтен Қазақстан Республикасының «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» чемпионаты өтті. Аталған чемпионат жасөспірімдер, жастар, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық чемпионатқа Абай атындағы ҚазҰПУ атынан Тарих және құқық институтының 1-курс студенті Көбей Дәулетұлы қатысты.

 

Республикалық чемпионатқа еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан командалар жасақталып, қаларалық, ауданаралық, облысаралық жарыстардан жүлделі орындар иеленген жеңімпаздар қатысты.

 

Университетіміздің атынан шыққан Тарих және құқық институтының 1-курс студенті Көбей Дәулетұлы қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 75 кг. салмақ дәрежесі бойынша I-орынды иеленді.

 

Чемпионат қорытындысы бойынша I-орын иеленген Көбей Дәулетұлына 2019 жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасында өтетін Азиада олимпиадасына жолдама берілді.

 

Көбей Дәулетұлына алдағы Азиада олимпиадасында сәттілік тілейміз!

 

   

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler