қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2019

Жас ғалымдар университеттің Диссертациялық кеңесі туралы Ереженің жобасын әзірлеуге қатысады

 

21 ақпанда Тарих және құқық институтында Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев Диссертациялық кеңес туралы Ереже жобасына ұсынылған жаңа ұсыныстар туралы баяндама жасады. Баяндамада Диссертациялық кеңес туралы Ережедегі өзекті мәселелер (ақпараттар интерактивті тақтада көрсетілді) талқыланып, Ереже жобасындағы жаңа ұсыныстар бойынша толық ақпарат берілді.


Жаңа Ережені қабылдаудың негізгі мақсаты: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қорғалатын диссертациялық жұмыстардың сапасы мен нарықтық бәсекелестігін қамтамасыз ету.

 

Кездесу барысында т.ғ.д, профессор Мамбет Қойгелдиев, т.ғ.к., Мұхтар Мұратқазин, т.ғ.к, аға оқытушы Шамек Тілеубаев, т.ғ.д, доцент Бауыржан Жангуттин, заң.ғ.д, Ермек Бөрібаев, т.ғ.д, аға оқытушы Сабира Сайфулмаликова және докторанттар мен жас ғалымдар қатысты.

 

Жиын соңында Ғылым департаментінің директоры магистрлер мен жас ғалымдарға көрсетілетін тегін ағылшын тілін үйрену курс қызметтері мен өзекті мәселелерді зерттеу жобаларына бөлінетін қаражат жайлы ақпарат берді.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler