қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2018

Ел батырлары - ұлттың рухы

 

2018 жылдың 5 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Бәйдібек баба» республикалық қоры және«Ақ орда» республикалық қозғалысының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қазақтың атақты батыры, дарынды қолбасшы Алтынайұлы Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына орай «Ел батырлары - ұлттың рухы: таным мен тағылым» та0ырыбында халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

 

Аталмыш іс-шара Қазақ мемлекетін нығайтудағы Қарасай батырдың ерлігін насихаттау, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының басты құндылығы - батырлар феномені, Батырлар-бабалар жолы: ұлттық тәрбиенің қайнар көзі және асыл мұрасы, Тарих ғылымындағы ғылыми зерттеулерді ынталандыру, Қазақстанда гуманитарлық білім беруде жаңа пәндерді енгізу және тағы басқа тақырыптарға арналды. Конференция секциялық мәжілістермен жалғасты.

 

Конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының директоры, профессор Болат Жұмағұлов «Елі үшін туған ер, жанкешті күрескер» тақырыбында баяндама жасап, университет ректоры Такир Балықбаевтың М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойымен құттықтауын жеткізді.

 

Шара барысында қонақтар халықаралық деңгейде өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, «Мұхтартану», «Елбасытану» ғылыми- әдістемелік орталықтарымен танысып, «Сұраншы батыр» тарихи тұлғаларды зерттеу орталығы мен Шымкенттегі «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler