қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2018

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуының 100 жылдығына орай
«Алаш туы астында» деректі фильм

 


2018 жылдың 20 қарашасы сағат 14:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының студенттері, магистранттары мен докторанттарына және оқытушы-профессорлар құрамына «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуының 100 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Алаш туы астында» деректі фильмнің таныстырылымы өтті.


Фильмнің режиссері белгілі журналист, алаштанушы Болат Мұрсәлім, ғылыми кеңесшісі тарихшы-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев. Құжаттық фильмнің кеңесшілері белгілі зерттеушілер, тарихшылар және филологтар болды.

 

Фильмді таныстырудың алдында Институт директоры Болат Жұмағұлов кіріспе сөз сөйлеп, бұл фильм ұстаз-ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деп аталатын екі томдық монографиясының негізінде түсірілгендігін атап өтті. Аталған фильмнің жастар үшін мән-мағынасының қаншалықты маңызды екенін оны көруге қатысқан студенттер, магистранттар мен докторанттар да өз пікірлерін білдірді.

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler