қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларына 1st Scopus Award Ceremony марапаты табыс етілді


2018 жылғы 13 қарашада Қазақстанда алғаш рет халықаралық 1st Scopus Award Ceremony сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі Астана қаласында өтті. Scopus деректері бойынша марапатқа үздік зерттеушілер ие болды.

 

«Best Researcher in Social Sciences» номинациясының жеңімпаздары атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары - з.ғ.д. профессор Жанна Хамзинаға және з.ғ.д. профессор, кафедра меңгерушісі Ермек Бөрібаевқа беделді марапаттар табыс етілді.

 

   

 

Марапаттау рәсімі ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің вице-министрі Асхат Аймағанбетовтың, «Elsevier» баспа үйінің директоры Тайфун Башал, Scopus директоры Кун Ван Дер Крогг, Times Higher Education бойынша әлем университеттерінің рейтингтер агенттігінің ТМД мемлекеттері мен РФ аймақтық директоры Егор Яблоков, сондай-ақ Elsevier Central Asia-ның аймақтық директоры Алия Оспанованың қатысуымен өтті.

 

Шара аясында авторларға, ғылыми журналдардың редакторларына арналған оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет Times Higher Education университетінің алдыңғы қатарлы рейтингтік агенттігінің кеңесі болды.

 

   

 

    

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler