қазақша · русский · english
 
 
 
13.07.2018

Диплом алу - әрбір жастың алаулаған арманы

 

2018 жылдың 10 шілде күні Тарих және құқық институтында педагогикалық, гуманитарлық, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған бітіруші түлектертеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.


Институт түлектері өздерінің кәсіби білімдерін табысты іске асырып, мемлекеттік құрылымдарда, еліміздің ірі компанияларында және мемлекеттік басқару, білім және ғылым салаларын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Енді міне, солардың қатарын биылғы бітіруші магистрант-түлектер толтырмақ.


Тарих және құқық институтында 2018 жылы 90-нан аса бітіруші 10 мамандық бойынша магистр дәрежесімен бітіріп отыр. Биылғы бітіруші түлектерді институт директоры Болат Жұмағұлов, кафедра меңгерушілері құттықтап, биік шыңдарды бағындыруларын тілеп, дипломдарын табыстады.


Бітіруші түлектер беделді білім ордасынан алған ілім-білімге ризашылықтарын жеткізіп, «ҚазҰПУ Түлегі» атағын биік ұстауға ант берді. Сонымен қатар, ата-аналар да өз аттарынан ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты.

 

         

 

         

 

         

 

         

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler