қазақша · русский · english
 
 
 
29.05.2018

«Сен білесіңбе...?» тарихи-интеллектуалды жарыс

 

2018 жылдың 28 мамырда Тарих және құқық институтының студенттері «Абай үні» акциясы аясында №98 мектеп-интернатында «Сен білесіңбе...?» тарихи-интеллектуалды ойынын өткізіп қайтты. Жарыстың басты қатысушылары №98 мектеп-интернатының 6 және 7 сынып оқушылары арасындаболды.

 

Интеллектуалды жарыс 2 кезеңнен тұрды.


Бірінші кезең - сұрақ-жауап. Яғни шараға қатысып отырған оқушыларға күнтізбелік оқу бағдарламаларын сай сұрақтар қойылып, «Пролог» айналымында студенттер арасынан ең үздік үш студент іріктелген соң, олар өзара өз білімдерімен сайысқа түсті.

 

Екінші кезең - жарыстың шарты бойынша негізгі қатысушылар қызыл, сары және жасыл жолдарды таңдап, әр жолдың шарттарымен танысып, сұрақтарға жауап береді. Қызыл жол, жеңіске жақын екі қадамнан тұрады, бірақ қателесуге мүмкіндік жоқ, сары жол жеңіске апарар үш қадамнан тұрады, қателесуге 1 мумкіндік бар, жасыл жол, ең ұзақ жол, жеңіске апарар төрт қадамнан тұрады, бірақ қателесуге 2 мүмкіндік бар. Әр-бір жол тарихи-логикалық, 6-7 сынып оқу бағдарламасына сай сұрақтар мен бейне-роликтерден тұрды.

 

Бұрын-соңды оқушылар арасында болмаған жаңа форматтағы «Сен білесіңбе...?» зияткерлік ойынының басты мақсаты айқын, бұл бүгінгі жас тарихшыны қолдау, оның тарихқа деген қызығушылығын арттыру, білімдік деңгейін көтеру, білім бәсекесіне түсіру, сыни-логикалық ойлау дәрежесін күшейту, ғылыми-мамандық қабілетін жетілдіру, ағартушылық танымын жоғарылату, ғылыми-бұқаралық кітаптарды оқуға баулу болмақ.

 

Аталған іс-шараның жүзеге асуына Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті қолдау көрсетіп, департамент тарапынан жарыстың жеңімпаздарына арнап кубок, сертификат және т.б. сый-сыйапаттар берді.

 

Жарыс қорытындысы бойынша - I-орын 7б сынып оқушысы Әбутәлі Махамбет, II-орын 7б сынып оқушысы Тураханов Әлихан, III-орын 7 а сынып оқушысы Нусубали Құдірет дипломмен марапатталды. Жарыс барысында әр-түрлі номинациялар бойынша сертификаттар және белсенді қатысушыларғаалғыс хаттар табыс етілді. Естелік фотоға түсіп, оқушылардың білім сайысының мерекесі осылайша өз мәресіне жетті.

 

Жарысты ұйымдастырушы Тарих және құқық диреткораты ұсынысымен аталған форматтағы білім жарыстары оқушылар арасында дәстүрлі түрде жалғасып тұру қажеттілігі айқын болды.

 

Елбасымыз «Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген. Кез-келген елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген ықыласына тәуелді. Сондықтан, әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, Отанымыздың арқа сүйер азаматы болуды ұмытпайық!

 

         

 

         

 

         

 

       

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler