қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2018

 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткен X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жүлдегерлері

 

2018 жылдың 5-6 сәуір күндері Қарағанды қаласында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болған 5В011400 - «Тарих» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасының жанындағы «Жерұйық» командасы қатысып,16 оқу орны арасында жүлделі екінші орынға ие болды.

 

Команда құрамындағы студенттер: команда капитаны - Нұрбай Мұратбек (2 курс), Алема Калиева (2 курс), Айжан Иманқұл (2 курс), Надира Досатова (1 курс). Команданың ғылыми жетекшілері: әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Мереке Тулекова және доцент Елеухан Қалиева және ғылыми жобаны жасауға көп атсалысқан, ғылыми кеңесші болған, т.ғ.к., археолог, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Арнабай Нұржанов. Команданы X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына жоғары деңгейде дайындағаны үшін ғылыми жетекші Елеухан Қалиева академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің алғыс хатымен марапатталды.

 

       

 

       

 

 

     




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler