қазақша · русский · english
 
 
 
30.01.2018

Тарих және құқық институтының ұжымы Елбасының Жолдауын талқылады


2018 жылдың 29 қаңтар күні Тарих және құқық институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.


Жолдаудың тиімді қырлары мен артықшылықтарын насихаттап-түсіндіру жұмыстарына институт директоры, профессор - Болат Жұмағұлов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар - Мұхтар Мұратказин, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор - Мереке Түлекова, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.


Дөңгелек үстел жұмысында профессор Болат Жұмағұлов егеменді еліміздің кемел келешегі мен жарқын болашағын бағамдай білген Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының мақсаты мен міндетіне тоқталып, Жолдау жаңа әлемге, яғни ғылыми-техникалық өркендеу ахуалына бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін өзіндік озық білім беру жүйесін құру қажеттілігін айтты. Сөз кезегі профессор Мереке Тулековаға берді.

 

Дөңгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес, «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мереке Тулекова: «Елбасы Жолдауы - егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі бағыты» атты тақырыпта ой қозғап, Қазақстан халқының оның ішінде қазақ халқының басынан өткен бірталай нәубеттерін еске түсіре отырып, білімді жастары бар, ауызбірлігі жарасқан елдің болашағы қашанда жарқын болатынына сенім тартты. Ол Елбасы Жолдауындағы білім беру жүйесіне берілген игіліктерді орынды пайдалана білу қажеттілігін атап өтті.

 

«Елбасы Жолдауы - егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі бағыты» тақырыпты алға тартқан Әлем тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Ханзада Сүтеева - «Адами капитал - жаңғыру негізі» жетінші міндетке байланысты Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу, дәрісханаларды 100 пайыз видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жөнінде өз ойымен бөлісіп, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырудың қажеттілігі жоғары екендігіне мән беретінін айта келе, Елбасының қай Жолдауда болмасын жастарға және білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінетінін арқау етті. Жастарды Елбасы Жолдауындағы талаптар мен міндеттерді қалтқысыз орындап, артылған сенімнен шыға білуге шақырды.

 

Әлем тарихы кафедрасының 2-курс PhD докторанты Санат Айнақұлов: «Современные тенденции в развитии национального права Республики Казахстан в контексте послания Президента РК народу Казахстана» тақырыбындағы баяндамасында еліміздің өз тәуелсіздігін алған аз ғана жылдың ішінде шығарылған заңдар мен нормативтік актілердің саны мен оның маңыздылығына тоқталып, сол қабылданған заңдардың ел игілігі жолында қызмет атқаратын тектіктерін студенттер мен магистранттарға түсіндіріп өтті.

 

Институт диреткорының Тәрбие ісі жөніндегі орындасары, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы - Мұхтар Мұратказин жолдауды насихаттау барысынды Елбасы бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанына тоқтала келе, жолдаудағы 10-міндетке жеке-жеке түсіндірме жүргізіп, өз ойын ортаға салды.

 

Бағдарламаға сай сөз алған «5В011400-Тарих» мамандығының 3 курс, белсенді студенті Ырыс Құсбақ : «Елбасы жолдауы - жарқын болашақ бастауы» тақырыбында өз ойын ортаға салды.


Іс-шара барысында ресми баяндамашылардан кейін Ханзада Сүтеева Елбасының барлық Жолдауларын саралай келе, ішіндегі ең маңыздысы деп - «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» Жолдаудың екінші міндетін жеке атап өтті. Бұл міндет бойынша бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын электр энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 пайызға жетсе, «Қазақстан-2050» көпжылдық бағдарламаларының ел тарихындағы алар орнына арнайы түсіндірме берді.

 

Кездесу соңында Тарих және құқық институтының институт директоры Болат Жұмағұлов әлемдік экономикадағы технологиялық үрдістерден қалыспай, жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа Жолдауда айтылған ірі міндеттердің, тың идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысу - әрбір қазақстандық азаматтардың міндеті - деп сөз түйіндеді.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler