қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2013

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ, П.Ғ.Д., ПРОФЕССОР ПІРӘЛИЕВ СЕРІК ЖАЙЛАУҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ 

 

Университет ректоры, п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиев 2013 жылдың қазан айының 05 жұлдызында Құқық және экономика институтының профессо-оқытушылар құрамымен және институт студенттерімен кездесті. Кездесу барысында университет басшысы қызметкерлердің және студенттердің қал-жағдайын, жай-күйін және қажеттіліктер мен мұқтаждықтар туралы сұрап, институттың болашағы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.  Кафедра меңгерушілерінің және оқытушылардың  ұсыныстарын қабылдап, институт ұжымының жұмысына оң баға берді. Студенттермен кездесу барысында институттың кіре берісін жылумен қамтамасыз ету, 4 интерактивті тақтамен қамтамасыз ету сияқты жұмыстардың орындалуына ықпал ететінін айтты. Институт қызметкерлері мен студенттер университет ректорымен кездесу барысында мәнді мәселелердің түйіні шешілгеніне ризашылығын білдіріп, университет басшысының оң бағасына алғысын білдірді. Кездесу барысында арнайы хаттама түзілді.

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler