қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2018

 

СПАРТАКИАДА - 2018


Ағымдағы жылдың 9-13 қаңтары күндері ҚазҰТУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай университет ұжымы мен студент-жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында дәстүрлі «Денсаулық-2018» спорттық спартакиадасы өтті. Университетіміздің спорт залында өткен жарыс бағдарламасында: шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тартыс, коньки және шаңғы бойынша спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

 

Дәстүрлі спорттық шараға Тарих және құқық институтының профессор-оқытушыларның құрама командасы мүшелері спорттық ойындардың барлық түрлеріне белсене қатысты.

 

«Денсаулық-2018» атты 7 спорт түрінен дәстүрлі институт аралық ойындар жарысы 12 қаңтарда аяқталды. Жүлделермен марапатталған институт құрама командасы ұйымдастырушылар тарапынан тиісті дәрежедегі дипломдары мен естелік кубогы табыс етілді. Әр спорт түрі бойынша командалар ең көп ұпай саны бойынша жеңімпаздарды анықтады.

 

Институтың «Мемлекеттік және азаматтық-пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бақтығали Көшпенбетов спартакиаданың "Ең үздік бомбардир" атағын жеңіп алды.

 

Спартакиада нәтижесі сәтті аяқталып, университет қызметкерлерінің спортқа деген қызғушылықтарын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түсті.

 

       

 

       

 

           

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler