қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2017

ЛИТВАДАҒЫ САПАЛЫ САПАР

 

2017 жылдың қараша айында Литва республикасының Литва эдукологиялық университетінде Тарих және құқық институтының «6М050500-Аймақтану» мамандығының 2-курс магистранттары оқу тәжірибесінің негізінде дәріс алып, тағылымдамадан өтіп келді.

 

Оқу-тәжірибелік сапарларында Литваның білім саясаты, мәдениеті, ғылымы, тілдік-ұлтаралық саясат, интеграциялық даму үрдістері т.б. тақырыптар жайында дискуссиялық пікір алаңдарына қатысып, ой-пікір алмасып, апталық дәрістік күнтізбе бойынша - доцент Стэт Устилайтэ, доктор Лиуитаурас Дегезис, профессор Римантас Зелвис, доктор Лорета Джодскиенэ, доцент Далия Каратаджиенэ сияқты білікті мамандардың сапалы мазмұнда семинарларын тыңдап, білім нәрімен сусындап, білімдерін шыңдап қайтты.


Оқу-тәжірибелік дәріс барысын қорытындылай келе, сапар барысында Литва эдукологиялық университетін көп ұлттық тәжірибелерімен, тың мәліметтерімен танығандықтарын айтып, көңілге өте қонымды пікірлерімен ортақтасты. Онда «Кешегі озбыр саясатынан теперіш көрген Кеңес заманының саяси қуғын-сүргініне ұшыраған литвалықтар арнайы КГБ мұражайын ұрпағына көрсін деп сақтап қойған. Мұражай ғимаратының сыртқы қабырғаларына көшеде келе жатсаңыз, жазықсыз атылған, қуғындалған қайраткерлерінің қашалып жазылған есімдерін оқисыз. Жүрек түршіксе де ақиқаты сол. Олар Кеңес заманына өздерінің қоғамдық-ұлттық бағасын осылайша көрсеткені көрініп тұр» - деп алған әсерлерімен бөлісті.

 

Тағылымдамадан өтіп келген магистранттар Ғылым дәрежесінде тағы бір қадам алға жылжуға көмектесіп, тек отандық қана емес, батыстық оқу тәжіребиелерімен танысуға бірден бір себепкер болған университет әкімшілігіне шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

 

 

  

 

  

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler