қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2017

 

Студенттер «Жаһандану жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

 

2017 жылдың 12-желтоқсанында Каспий университеті мен ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы қорының ұйымдастыруымен студенттер мен жас ғалымдардың «Жаһандану жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты жыл сайынғы X- Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.


Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ тарих және құқық институтының «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-курс студенттері Азиз Байназаров, Мұхаммед Алмахан, Артық Құрманалиев, аға оқытушылар Алия Қасымбек пен Гакку Рахимованың ғылыми жетекшілік етуімен қатысып, өзекті тақырыптарға ғылыми баяндамалар жасап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Азиз Байназаров «Адам құқықтарын қорғаудағы БАҚ рөлі» - ІІ-орынды иеленіп, Мұхаммед Алмахан «ҚР адамның ар-ождан бостандығының жүзеге асырылу мәселесі» баяндамасымен «Белсенді қатысқаны үшін» номинациясымен марапатталды.

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler