қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2017

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

 

2017 жылдың 24 қараша күнгі Тарих және құқық институты профессор-оқытушылар құрамы мен «5В030100-Құқықтану» мамандығы студенттерінің бірлесуімен Алматы қалалық соты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау шеңберінде «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі» тақырыбындағы ғылыми конференция өткізілді. Іс-шараға Алматы қалалық сотының судьялары, аудандық соттар және оған теңестірілген соттардың судьялары, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, саясаттанушы ғалымдар қатысты. Іс-шараны қалалық соттың төрағасы Әбдіканов Нұрғазы ашты.
Конференция аясында, Тарих және құқық институтының «5В030100 - Құқықтану» мамандығы студенттері Алматы қалалық сотының жұмыспен қамтамасыз ету орталығы қызметкерлерімен пікір алмасып, сауалдарына тұщымды жауаптар алды. Қалалық сот қызметкерлері студенттерді қылмыстық және азаматтық сот залымен таныстырып, саяхат жасатты.
Ғылыми конференция қорытындысында Алматы қалалық сот қызметкерлері Тарих және құқық институтын бітіруші «5В030100 - Құқықтану» мамандығы студенттерінің конференция жұмысы барысына белсене араласып, қойған салмақты сауалдарына ризашылықтарын білдіріп, қалалық сотқа заңгер маман ретінде қызметке шақырды.

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler