қазақша · русский · english
 
 
 
29.10.2017

Голландиялық ғалым жас мамандармен тәжірибе алмасты


Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасында 23-27 қазан аралығында Нидерландияның Лейден Университетінің докторы Элиза Ж.M. Сторк семинар сабағын өткізді. Институттың 6М050500, 6М011400, 5В02030, 5В01140 - мамандықтарының студенттері мен магистранттары кафедраның профессоры, т.ғ.д. Несіпбаева Қ.Р. басшылығымен CLIL әдісі бойынша оқыған доктор Элизы Ж.M. Сторктың дәрістері мен семинар сабақтарын қызығушылықпен тындады. Доктор Элиза Ж.M. көп жылдар бойы голландиялық мектептерде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жасай жүріп, әлемнің түкпір-түкпірінде халықаралық ұйымдардың қайырымылық-білім жобаларына қатысып, теңдессіз тәжірибелерді жүргізді.
Зерттеп жүрген мәселесі - CLIL әдісін тарихты оқыту барысында қолдану. CLIL әдісі арқылы тарихты оқытуды ағылшын тілінде көрнекті құралдарды қолдана отырып насихаттау.
Алматыға келген білім беру іс-сапарында шетелдік лектордың дәрісіне магистранттар Жақауов М., Айдарқұлов Б., Толепбергенова Сауле, студенттер Джанабаева Асем, Құлбеков Еламан, Нұрзада Естай, Илиев Абдужалил, Құрбанова Мадина белсене қатысып, әлемдік оқу тәжірибесінде ағылшын тілінде тарих пәндерін түрлі методикалық әдістермен оқыту үлгілерімен танысты. Өзара сұрақ-жауаптармен алмаса отырып, доктор Элиза Ж.M. Сторкпен тоғыз сағаттық семинар сабағы ағылшын тілінде өрбіді.
Осы семинар сағаттарының арқасында оқытушылық құрам мен студенттер өздеріне қажетті мазмұнды әрі сапалы мәлеметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler