қазақша · русский · english
 
 
 
15.05.2017

ВЕНГР МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ

          Университет Ректорының 10.04.2017 жылғы «Венгрия мәдени орталығының ашылуы туралы» бұйрығына сәйкес, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылдың 11 сәуірінде Тарих және құқық институты жанынан Венгрияның Бас консулы Ференц Блауман келіп қатысуымен Венгрия мәдени орталығы ашылған болатын.

        2017 жылдың 10 мамырында Венгрияның Бас консулдығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Тарих және құқық институтында венгрлік режиссер Давид Шомфай Караның «о жизни и работе Иштвана Коныра Мандоки» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында деректі фильм көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler