қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2017

 

МАГИСТРАНТТАР ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

           «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 13 мамырындағы №292 қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 03-14 сәуір аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары: «6М011400-Тарих» мамандығы бойынша Сагидуллаев Дарын, Амангелдиев Миржан, Гайсина Альбина, Аяпбергенов Ернұр, Сагитова Айдана, Кумарова Акманар, Жұбатова Жанар, «6М020300-Тарих» мамандығы бойынша Қайралы Қарлығаш, Сапарова Ильмира Тарих және құқық институтындағы профессор-оқытушылар құрамынан дәріс алып, тағылымдамадан өтті.

       Магистранттарға т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.мүшесі, Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.д., профессор Б.О. Жангуттин, п.ғ.д., профессор Г.Р. Нұрымбетова, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабай,  т.ғ.к., доцент Т.Т.Далаева, т.ғ.к., аға оқытушы З.Б.Мырзатаева, т.ғ.к., аға оқытушы Ш.Т.Нұрман, фил.ғ.к., доцент Н.Базылхан дәріс оқыды.

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler