қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2017

Абай  атындағы ҚазҰПУ жастарының жеңісі

          Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 06-07 сәуірі аралығында «5В020300 -Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасына Тарих және құқық институтынан «Жерұйық» командасы қатысты. Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Тулекова М.К. және команда құрамында:
1. Қыдырманова Маржан Серикжановна - 3курс
2. Тоқтасын Нұрқанат -3 курс
3. Оразай Азат Саматұлы- 3 курс
4. Бейсембаев Ернұр Жоламанұлы- 3курс студенттері қатысты.
      «5В020300 -Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасынан «Жерұйық» командасы І орын алып келді.
       «Жерұйық» командасының ғылыми жобасының тақырыбы: «Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» деп аталды, онда қазақ хандығын Керей мен Жәнібек құруынан бастап Абылайдың шекараны нығайтуы, сыртқы жаулармен ел тәуелсіздігі жолындағы ерең күрес және тәуелсіздігімізді алу мен мемлекетімізді нығайту, сыртқы әлеммен байланыс, бүкіл әлемге елімізді дамыта отырып дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп қойып отырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық қасиеттері мен еліміздің өткені мен болашағы үшін күрескен ұлы тұлғалардың қоғамдағы рөлі ашып көрсетілді. Ұлт санасын оятқан ұлы тұлғалардың моделі жасалынды.

 

 

 

 

  

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler