қазақша · русский · english
 
 
 
29.03.2017

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ - 2017

 

Университетіміздің 2017-2018 оқу жылына арналған Кәсіби-бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, талапкерлерді оқуға тарту мақсатында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен университетіміздің Білімгерлерді қабылдау мен мамандар даярлауды бақылау орталығы, Халықаралық ынтымақтастық басқармасы және Тәрбие жұмысы, әлеуметті және жастар саясатын дамыту басқармасы біріге отырып, 2017 жылдың 29 наурызында Алматы облысы, және Алматы қаласындағы мектептер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, колледждер мен жоғары оқу орындарының бітірушілеріне арналған «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасы өткізілді.

 Әуезді әнмен, күмбірлеген күймен құрмет көрсетіліп басталған іс-шара барысында талапкерлер:

-Қазақстан ЖОО-ның қарашаңырағы саналатын университетіміздің бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен жарқын болашағынан хабар беретін бейнероликпен;

-ҚР БҒМ тарапынан мамандар дайындауға берілген лизенциялар негізінде оқытылатын білім беру бағыты туралы буклетпен;

-Университетте дайындалатын 52 мамандық бойынша бакалавр, 53 мамандық бойынша магистратура, 30 мамандық бойынша PhD докторантура  бағытында берілетін жоғары білім мен терең тәрбие құндылықтары жазылған «Абай атындағы ҚазҰПУ» кітапшасымен танысып, буклеттер мен кітапшалар талапкерлерге таратылды.

-Институтта дайындалатын мамандықтар бойынша тарихшы, заңгер профессор-оқытушылар құрамының пікірлерін тыңдап, қызығушылық арттыратын мол мағлұматтар алып қайтты.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler