қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2016

 

МЫҢЖЫЛДЫҚ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛҒАН МҰЗ АЙДЫНЫ

 

ЭКСПО-2017: Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық үстіндегі Қазақ елі үшін 2017 жылы ерекше тарихи кезең болып қалары сөзсіз. Алдымыздағы жылы Бүкіләлемдік XXVIII қысқы Универсиаданың да Алматы қаласында өткетіндігі әлем жұртшылығына мәлім болып отыр. Осындай тарихи мәні зор межелі жобаларды іске асыру мақсатында еліміз өзгелерге қарағанда  ерте оянып, қауырт шаруаларды еңсере кеш қайтуда. Сол әлем жұртшылығы күн санап, күтіп отырған универсиада ойындары өткізілетін орындар Алаш жұртының айнасына айналған Алматы қаласында озық технологиялармен жабдықталумен қатар, іске қосылуда. Соның бір айғағы ретінде мыңжылдық тарихы бар Алматының қала күніне орайластырылып, Елбасының қатысуымен салтанатты түрде ашылған «Мұз айдыны: - АЛМАТЫ АРЕНА» қалашығын айтуға болады.

2016 жылдың 18 қыркүйегінде қала тұрғындары мен қонақтары ерекше сезімге бой алдырды. Алматы қаласының «қала күні» мерекесіне орай Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Алматы қаласына келіп, бірнеше нысандарда халықпен кездесіп, ортақ қуанышты бөлісті. Сонымен қатар, келесі жылы қысқы универсиада ойындары өткізілетін заман талабына сай жабдықталған жаңа ғимарат «Мұз айдыны: - АЛМАТЫ АРЕНА» қалашығын ашып берді. Университет ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің бастап баруымен университет студенттері қатысқан Мұз айдынының ашылу салтанатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматылықтарды қала күнімен, заман талабына сай жасақталған мұз айдынының ашылуымен және қаланың 1000 жылдық тарихи мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен терең танымға толы тарихи көркемделген гала концерттен университет студенттері керемет әсер алып қайтты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Тарих және құқық институтының

тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler