қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2017

 

Ауған соғысының ардагерлерімен өткен керемет кездесу

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих және Құқық  институты, «Мемлекеттік және Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының «Заңгер»ғылыми үйірмесінің жетекшісі қауымдастырылған профессор Мейірбекова Гулжазира Болатқызының ұйымдастыруымен 20 ақпан 2017 жылы «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты  ауған соғысының аяқталуына 28 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлерімен және бүгінгі бейбіт күннің батырларымен кездесуге орай студенттік дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелді «Заңгер» үйірмесінің мүшелері, «құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері жүргізді.  Сондай-ақ, бұл кездесуге әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен, Еуразия Технологиялық Университетінен, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясынан, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінен, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясынан студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелге Пірмашев Қожахмет Толысбекұлы - ауған соғысының ардагері, Кусаиынов Серғазы Жағалбайлинұлы- Осы инстиуттың оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, ауған соғысының ардагері, Зікіров Болат Тұрғынбекұлы - ауған соғысының ардагері, Алдажар Ж - Капшағай қаласының имамы, ауған соғысының ардагері,  Назаров Ардақ. - ережесіз жекпе - жектен екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі, Жарылқасынов Ш.А.  - Құрлық әскерлері, Десанты Шабуылдаушы 62064 әскери бөлімінің командирі, подполковник лауазымындағы тұлғалар арнайы шақыртумен қатысты.

Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Тарих және Құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының  кандидаты, профессор  Жумагулов Б.С. ашып берді.Одан кейінгі құттықтау сөзді Тарих және Құқық институтының директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Битурсын Ғ. Ш. және «Мемлекеттік және Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының  докторы, профессор Бурибаев Е.А. алып,   келген қонактарға алғыс білдіріп, бұндай кездесулер студент жастарға патриоттық тәрбие беруде, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Кездесудің соңында   «Мемлекеттік және Азаматтық құқықтық пәндер»  кафедрасының студенттердің  ғылыми жұмысына жауапты, профессор Мейірбекова Г. Б келген қонақтарға студентердің атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Студенттер атынан Тұрлыханқызы Құралай, Ураков Қанат, Оқан Шоқан, Нұрғазы Салтанат, Мұқашар Жандостар арнау өлеңдерін айтып, ризалықтарын білдірді. Дөңгелек үстелге келген қонақтарға студенттер жан-жақты сұрақтар қоя отырып, пікір алмасты.ризашылықтарын білдірді.

Кештің соңында Еуразиялық Технологиялық Университетінен келген Ваисов Даниярдың «Алға қазақ жігіттері» әнімен қорытындыланды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler