қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» атты халыққа арнаған Жолдауын институттың профессор-оқытушылар құрамы және студенттері мен магистранттары арасында кеңінен насихаттау мақсатында Тарих және құқық институтында 2017 жылдың 01 ақпанында талдау жұмыстары жүргізілді. Жолдаудың тиімді қырлары мен артықшылықтарын талдау жұмыстарына институт директоры, директор орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студент жастар қатысты. Талдау жұмыстарын институт директоры т.ғ.к, профессор Болат Сағидоллаұлы Жұмағұлов бастап бергеннен кейін келесі профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер сөз сөйледі. Құдайбергенов Әділхан Нұрғалиұлы - т.ғ.д., профессор - Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы, Ғали Әзімбай Бейсетбайұлы - т.ғ.д., профессор - Әлем тарихы кафедрасы, Тилеубергенов Еразак Манапович - з.ғ.к., доцент, - Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы, Даулбаев Тимур Файзиевич - саясат.ғ.к., аға оқытушы - «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы, Жакауов Мақсат Дөңесұлы - «Аймақтану» мамандығының 1 курс магистранты, Құсбақ Ырыс Дәулетқызы - «Тарих» мамандығының 3 курс белсенді студенті. Сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойылып, татымды әрі түсінікті жауаптар алынды.

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler