қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2016

Абай атындағы ҚазҰПУ-і Тарих және құқық институтының директоры Алтай мемлекеттік университетінде (Россия Федерациясы) өткен «Тәуелсіз Қазақстанға - 25 жыл: проблемалары және даму қорытындылары» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.   

2016 жылдың 17-18 наурызында дәстүрлі наурыз мейрамына орай Алтай мемлекеттік университетінде Орталық Азия халықтарының II студенттік конгресі өтті. Наурызды түркі және парсы тілді шығыс халықтарының көктемгі күн мен түннің теңескен күндері атап өтетіндігі мәлім.

Мейрам жаңа жылдың басталуын, табиғат пен адам бойында жаңа қуаттың пайда болуын бейнелейді. Наурыз күндерінде көпшіліктің қыдыруы, дәстүрлі спорттық жарыстар мен ойындар, жыраулық және әншілік сайыстары өткізіледі.

 Алтай өлкесі жоғары оқу орындарында оқып жатқан Қазақстан Республикасы азаматы-студенттері үшін Ресей мен Қазақстан тарихы пәні бойынша Жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өткізілді. 1-ші орынды Досмұратова Бағила Әшімқызы жеңіп алды. Қазіргі таңда Алтай мемлекеттік университетінде магистратураның бірінші курсында оқып жатқан, Досмұратова Бағила Абай атындағы ҚазҰПУ-і Тарих факультетінің түлегі.

Алтай мемлекеттік университетінде өткен Орталық Азия халықтарының II студенттік конгресі ғылыми, білімдік және мәдени-спорттық  жоспардағы әр түрлі іс-шаралар бағдарламасын жеткілікті қарастырған. Солардың бірі «Тәуелсіз Қазақстанға - 25 жыл: проблемалары және даму қорытындылары» атты онлайн-жүйесінде өткен дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізудің бастамашысы Ресей тарих қоғамының  Алтай филиалы мен АлтМУ тарих факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Қазақстан жолы және Н. Назарбаев» құрметті кафедрасы.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы КСРО-ның ыдырауына және посткеңестік кеңістікте 15 тәуелсіз мемлекеттердің  құрылуына алып келген жиырма бес жыл бұрынғы оқиғаларға байланысты болды. Бұрынғы кеңестік республикалардың саяси элитасының алдында саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру, әлемдік қауымдастықтағы жаңа түзілімдердегі интеграцияның түпкі нәтижесі табысты шешуге байланысты проблемалардың шоқтығы тұрған еді. Дөңгелек үстелде егемендікті құрудың Қазақстандық үлгісі, осы процесті жүзеге асыру барысында кездескен проблемалар және 25-жылдық даму қорытындысы туралы мәселелер талқылаудың негізгі тақырыбы болды. «Тәуелсіз Қазақстанға - 25 жыл: проблемалары және даму қорытындылары» атты онлайн-жүйедегі дөңгелек үстелді өткізуде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облыстық әкім аппаратының «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» әріптестік танытты. Дөңгелек үстел барысында жаңғырту және Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің эволюциясы, жаһандану және әлемдік экономикалық дағдарыстар жағдайындағы Қазақстанның экономикалық дамуының көкейтесті мәселелері жөнінде қызу пікірталас туды. Егемен Қазақстандағы ұлттық және әлеуметтік қауіпсіздікті сақтау жүйесіндегі азаматтық және этникалық сәйкестілікке, этномәдени және діни процестерге елеулі назар аударылды.  Дөңгелек үстелде бірқатар баяндамалар Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциясы, әлемдік және аймақтық саясаттағы оның рөліне арналды.

            Дөңгелек үстел жұмысына Алтай өлкесінің Барнаул қаласының билік органдары мен ұлттық-мәдениорталықтарының өкілдері, Алтай өлкесінің ғалымдары, аймақтың жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азамат-студенттері қатысты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының директоры Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлы дөңгелек үстелге қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры профессор

С.Ж. Пірәлиевтің университтеріміз арасындағы жемісті ынтымақтастыққа ризашылығын білдірген ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, Жұмағұлов Б. С. «Қазақстандағы этномәдени жағдай: проблемалары мен болашағы» тақырыбына баяндама жасады. Ғылыми іс-шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қызметкерлері: тарих ғылымдарының докторы, профессор Алексеенко Александр Николаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Краснобаева Нелли Леонидовна, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айдарбаева Раушан Кайсановналар қатынасты.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler