қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2020

Тарих және құқық институтының 2020 жылы бітіруші түлектермен кездесу

 

2020 жылдың 18 мамыры күні Тарих және құқық институты директоратының ұйымдастыруымен 2020 жылдың бітіруші түлектеріне арналған магистратураға және докторантураға түсу талаптары мен ережелерін түсіндіру мақсатында ZOOM бағдарламасы арқылы вебинар өткізілді. Вебинарға 4 курс студенттері, 2 курс магистранттары, профессор-оқытушылар, институт директораты мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы қатысты.

 

Вебинар барысында институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин талапкерлердің құжаттарын қабылдау және магистратура мен докторантураға тапсырудың талаптары мен ережелерін, магистратураға түсудің кешенді тестілеу құрылымы, бітіруші түлектерге ақылы бөлімге түскен жағдайда университет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жөнінде слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дария Асымова мен Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы сөз кезегін алып, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер туралы, Халықаралық тілдік сертификаттардың қажетті деңгейі, шекті балл және құжат тапсыру мерзімі туралы ақпараттар берді.


Вебинар соңында бітіушілердің сұрақтарына Нұрмұхан Әуесбекұлы, Мұхтар Мұратқазин, Дария Асымова, Нұрболат Манапбаев жауап беріп, қосымша ақпараттармен толықтырып отырды. Жолдаған сұрақтарының жауаптарына бітіруші түлектер ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.


Қортындылай келе вебинар қонағына, талапкерлерге қатысқандары үшін алғыс айтылып, университетімізге оқуға түсуге қажетті және қосымша ақпараттарды алу көздері мен байланыс телефондары берілді.


Бітіруші түлектермен өткен кездесу нәтижелі өтті.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler