
 
| Тарих және құқық факультеті | 
19.05.2020 Музейлер тарихтың сырын шертеді 
 2020 жылдың 15 мамырында Тарих және құқық институты «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Э.Ж.Әзіретбергенованың ұйымдастыруымен «Музейлер сыр шертеді» тақырыбында «Есік» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми хатшысы Досым Зікіриямен онлайн-кездесу өтті. 
 Кездесу барысында «Алтын Адам» жәдігерімен қазақ елін әлемге танытқан «Есік» музейің құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік туды. 
 Музей залдарынан репортаж жасаған Д.Зікірия «Алтын Адам» жәдігерінің және құнды күміс ыдыстағы әліпби тарихымен қатар археологиялық жәдігермен бірге табылған түпнұсқа заттар тарихынан мағлұмат берді. 
 Қазақстан археология тарихында ойып орын алған Б. Нұрмұхамбетовтың «Есік» музейіне сіңірген орасан зор еңбегіне де тоқталды. 
 Тарихшы студенттерді «Есік» музейіне саяхаттап, музеймен танысуға шақырды. 
 
 
 
 Кері оралу | 
| 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 | Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
 | «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
 |