қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2020

Түрік ғалымының қатысуымен өткен ғылыми семинар

 

2020 жылы 17 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Э.Ж. Әзіретбергенованың ұйымдастыруымен «Түркітілдес мемлекеттердің қарым қатынасындағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында Өмер Халисдемир атындағы Университететі  «Еуразия зерттеулер»  кафедрасының оқытушысы Тұрғай Дүйеннің (Түркия) қатысуымен ғылыми семинар өтті.


Шетелдік ғалым Қазақстанның түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда ерекше орын алатындығын атап өтіп, олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударды. Тұрғай  Дүйен қазақ ұлтының өзіндік ерекшелігі туралы зерттеу жүргізіп жатқандықтан, қазақ халқының салт-дәстүріне ерекше тоқталды.

 

Семинар тақырып бойынша қатысушылардың сұрақтарын талқылаумен жалғасты. Іс-шара соңында Э.Ж.Әзіретбергенова Тұрғай Дүйенге алғысын білдіріп, оған ғылыми жұмыста және түркітілдес елдер арасындағы байланысты нығайтуда жаңа табыстар тіледі.

 

   

 





Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler