қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2020

«Түлектерге сұраныс - ЖОО-ның маңызды көрсеткіші» онлайн форматындағы кездесу


2020 жылы 3 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңейту мақсатында Тарих және құқық институтының түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының білім бөлімі бастығы Самал Дауытбаева, Алматы қаласының №146 мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Тұрсынбаева, Алматы қаласының №152 мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Ақылбекова, университетіміздің жұмыспен қамту бойынша «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай және Алматы қаласының бірнеше мектептерінің өкілдері қатысты.


Шара барысында бітіруші жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, оларға қарастырылған бағдарламалар жөнінде, мемлекет берген грантты жұмыс істеп өтеу міндеті жайында, жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру жұмыстары бойынша және тағы да басқа мәселелер бойынша ақпараттар берілді.


Кездесуге қатысқан бітіуші курс студенттері мен магистранттар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, қойған сұрақтарына жауаптар алды. Әсіресе Тарбағатай ауданының білім бөлімі бастығы Самал Дауытбаеваға аудан, ауылдық жерлерге барғанда жас мамандарға көрсетілетін көмек туралы сұрақтар көптеп қойылды. Қонақтарға жолдаған сұрақтарының жауаптарына бітіруші түлектер ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler