қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Музейлер сыр шертеді

 

   

 

2020 жылдың​ ​23 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ​ Тарих және құқық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Э.Ж.Әзіретбергенованың ұйымдастыруымен «Музейлер сыр шертеді» тақырыбында «Әзірет -Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары тарих ғылымдарының кандидаты М.М.Тастанбековпен​ онлайн -сұхбат өтті.


Сұхбат барысында тарихы терең Түркістан шаһарымен​ ​ «Әзірет -Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жайлы әңгіме қозғалды. Тыңдармандар тарихи оқиғаларға толы​ кесене және қорық мұражайға қарасты 100 -ге жуық ескерткіштер туралы тың мәліметтер алды.


Эфир соңында Мұрат Мейірбекұлы студенттерді көне шаһарға саяхаттауға шақырды.

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler