қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2020

«Әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі» ғылыми вебинары

 

2020 жылы 10 сәуірде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының пост-докторанты Т.Б.Қилыбаев ZOOM платформасында онлайн форматта ғылыми семинар өткізді. «Әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі» семинарына институт оқытушылары, магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.

 

Онлайн іс-шара барысында әлеуметтік желілер туралы соңғы статистикалық мәліметтер, аналитикалық есептердің нәтижелері ұсынылды, олардың психологиялық әсері, қоғамға пайдасы мен кері әсері айтылып, талқыға салынды.

 

Ғылыми тұрғыда әлеуметтік желілер тақырыбы бойынша жасалған зерттеулердің қызықты нәтижелері қарастырылды. Семинар соңында әлеуметтік желіні пайдаланудағы ерекшеліктер туралы пікірлер тыңдалып, қорытынды жасалды.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler