қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2020

«Алтын Орда - Алтын тамырымыз» әдеби-тарихи кеші

 

2020 жылдың 21 ақпанында С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Алматы қаласы №33 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына арналған «Алтын Орда - Алтын тамырымыз» әдеби-тарихи кеші өтті. Іс-шара Алтын Ордағаның 750 жылдығы аясында өткізілді.

 

Кеш Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Әйгерім Хәкімнің қатысуымен ұйымдастырылды. Ол «Алтын Орда: тарихы мен маңызы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында елімізде Алтын Орданың құрылу тарихы мен қыпшақтардың қазақ мемлекетінің құрылуына қосқан үлесі жайлы маңызды деректер айтылды. Әдеби-тарихи кеште оқушылар Алтын Орда және Жошы мен оның ұрпақтарына қатысты маңызды сұрақтарды тарихшы мамандарға қойып, ұлттық тарихымызды талдап, тарихи-рухани білімдерін толықтырды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler