қазақша · русский · english
 
 
 
06.01.2016

№1 оқу ғимаратының 224 үлкен дәрісхана залында 2016 жылдың 5 қаңтарында «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану-ғылыми білім және тәрбие беру» атты химия, биология, география пәндері мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинарының мерекелік ашылу салтанаты өтті. Университеттің бірінші проректоры, х.ғ.д., профессор Е.М.Ермағанбетов кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды құттықтады. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы инновациялық мәселелерді зерттеу зертханасының меңгерушісі Ж.Ж.Жакенова баяндама жасады. Жаратылыстану және география институтының директоры, х.ғ.к., профессор Х.Н.Жанбеков семинарға қатысушыларды семинардың жоспарымен таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен бірге, семинарға Республикамыздың барлық облыстарынан, Астана және Алматы қаласынан келген «Дарын» мектептерінен 60-тан астам химия, география, биология пән мұғалімдері қатысты. Республикалық семинар 2016 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.


«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру»  атты республикалық оқу семинарының химия пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы (қазақ тілінде)

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру» атты республикалық оқу семинарының биология пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы (қазақ тілінде)

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру» атты республикалық оқу семинарының география пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы (қазақ тілінде)

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру» атты республикалық оқу семинарының химия пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы (орыс тілінде)

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру» атты республикалық оқу семинарының биология  пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы (орыс тілінде)

«Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жаратылыстану- ғылыми білім және тәрбие беру» атты республикалық оқу семинарының география пәні мұғалімдеріне арналған бағдарламасы ( орыс тілінде)

 

 

Жаратылыстану және география институты





Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler