қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2019

«Ice -creams» - 1-ші курс студенттерін қабылдау кеші

 

2019 жылдың 12 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтының №2 жатақханасында «Ice Creams» студенттік қатарға қабылдау кеші өтті. Мерекелік кешті институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және доцент Талғат Увалиев ашты. Кеш жүргізушілері Арман Арысбек пен Зарина Бауыржанқызы кешті қызықты ойындармен жалғастырды.

 

Сайыс түрінде ұйымдастырылған кеште «ЖасStar» тобы флешмоб билеп, жатақхананың 1-ші курс студенттері Гаухар Сатыбалдиева, Арайлым Ибадулла, Айтолқын Үсен, Оразалы Сапи және Бекзат Жолжан әсем әндерімен шашу шашты. Сайысқа қатысқан Жаннұр Белгібайқызы мен Рауан Абдрахимов -«Үздік жұп» атанса, Ақнұр Жасамбаевар - «Сымбатты ару», Алия Асанова - «Белсенді студент», Қарлығаш Азимханова - «Сәнді ару» және Ерасыл Төлегенов - «Тәп - тәтті балмұздақ» атанды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler