қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2019

«Ұстаздар күні» мерекесі


Ұстаздар күні қарсаңында Абай атындағы ҚазҰПУ-де салтанатты іс-шара өтті.


Университет ректоры Такир Балықбаев еліміздің ең бірінші педагогикалық оқу орнының профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады.


Іс-шара барысында университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарына белсене қатысқандары үшін институт директорлары, кафедра меңгерушілері, үздік оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды. Оларға алғыс хаттар, ақшалай сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.


Ректордың алғыс хатымен жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова, химия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Жазира Мұқатаева, химия кафедрасының оқытушылары, профессор Несіпхан Бектенов және х.ғ.к. Жанар Жақсыбаева марапатталды.


Мереке құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler