қазақша · русский · english
 
 
 
31.05.2019

Жаратылыстану және география институтының студенттеріне «Ауызашар» өткізілді

 

2019 жылдың 29 мамырында игі дәстүрлерді жалғастыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты директорат ұжымы және «Химия», «Биология» және «География, экология және туризм» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы барша мұсылман қауымы үшін ең ұлық ай - қасиетті Рамазан айында жатақханада тұратын студенттерге ауызашар берді.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ләззат Демеуова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, Құрметті кафедра меңгерушісі Софья Иманкулова, химия кафедрасының меңгерушісі, қауым. профессор Жазира Мұқатаева, профессор Амантай Кунакбаев, профессор Несіпхан Бектенов студенттерге арнап сөз сөйледі.

 

Ауызашардың мол жайылған ақ дастарханына ауыз бекіткен оқытушылар мен студент-жастар жиналды. Ғалым-ұстаздар дастархан басына жиналған жастарға арнап ғибрат сөздері мен тілектерін білдірді, ақ тілегін жолдап, батасын берді.

 

Мұндай тағылымы мол, ғибатары іс-шара жастардың рухани-адамгершілік ұстанымдарын нығайтып қана қоймайды, ол тәуелсіз еліміздің іргесін бекітіп, елдігіміздің ертеңіне де жол ашары сөзсіз.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler