қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2019

«Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» ғылыми-практикалық конференциясы

 

  

 

2019 жылдың 21 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда ғылымды жаңғыртудың өзекті сұрақтары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау, өзара пікір алмасу. Конференцияның жұмысына ғылыми-зерттеу институттарының директорлары мен жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты.

 

Конференция Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.


Пленарлық отырыста бірінші проректор Мақтағали Бектемесов «Ел тарихындағы бірінші жоғары оқу орнының жетістіктері мен табыстары» тақырыбында баяндама жасады.

 

Пленарлық отырыстан кейін секция жұмыстары басталды: 1-секция «Жаратылыстану ғылымдары интеграциясының мәселелері». Модератор: Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова.

 

Секция жұмысында баяндама жасаған қатысушылар: Металлургия және байыту институты, Жану проблемалары институты, Металлургия және байыту институты, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, Зоология институты, Қазақстан-Ресей медициналық университеті, Қазақ тағамтану академиясының өкілдері баяндама жасады.

 

Конференцияға қатысушылар арасында қазіргі ғылымның даму мәселелерін талқылау бойынша кең көлемде сындарлы сұхбат өрбіді.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler