қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2019

CLIL-оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығының сертификат тапсыру рәсімі

 

2019 жылдың 17 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде CLIL-оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығында тілдік және пән мен тілді оқытудың әдістемелік курстарының тыңдаушыларына (Математика, физика және информатика институты мен Жаратылыстану және география институтының оқытушыларына) сертификат тапсыру рәсімі өтті. Сертификатты ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев табыс етті.

 

Тілдік және пән мен тілді оқытудың әдістемелік курстары ҚР БжҒМ 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалардың грант иегері «CLIL-оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығы арқылы ҚР Жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беруде пәндік-тілдік кіріктіріп оқытуды еңгізу үдерісін жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылды.

 

Жоба жетекшісі:

ф.ғ.д., профессор Танат Аяпова.

Тренинг жүргізген оқытушылар:

ф.ғ.к., аға оқытушы Гүлнара Абдрахимова;

ф.ғ.к., доцент Зада Кемелбекова;

ф.ғ.к., аға оқытушы Бақытгүл Букабаева.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler