қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2019

«Almaty tour» аймақтық экскурсоводтар форумы

 

2019 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Almaty tour» аймақтық экскурсоводтар форумы өтті.

 

Форумның мақсаты - Алматы қаласы және Алматы облысындағы туристік нысандарында жургізілетін экскурсия бағдарламаларының мазмұнын талқылау және жаңа ақпараттармен бөлісу.

 

Аймақтық форумды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева ашып, баяндамасында форумның маңыздылығын атап өтті. Форумда экскурсиятанудың концептуалды негіздері, әлеуметтік туризм, аймақтағы тарих пен өлкетану сұрақтарын талқыланды.

 

«Almaty tour» экскурсоводтар форумында Алматы қаласы туризм басқармасының бөлім басшысы Аслан Қоңырханов, Қазақстан туристік қауымдастығының гид-экскурсоводтар секциясының басшысы Аркадий Поздеев, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Марал Сатенова мен Рашид Оразов, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы б.ғ.д., профессор Дина Айдарбаева және аймақтағы экскурсоводтар баяндама жасады.

 

Жалпы форумға Алматы каласы және Алматы облысы бойынша туризм саласындағы қызметкерлер, туристік фирма және ұлттық табиғи парк қызметкерлері, гид-экскурсоводтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, зерттеушілер, ЖОО-ның оқытушылары, орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler