қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

«әз-Наурыз Абай ауылында» мерекелік той-думан


2019 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Спартак» стадионында Наурыз мерекесіне арналған «әз-Наурыз Абай ауылында» салтанатты шарасы өтті. Оны университет ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып ол барлық қатысушыларды және қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.


Наурыз мейрамының сәні ән мен күй, ұлттық тағамдар дастарханы сияқты шараларға ұласып жатты. Мереке барысында қонақтар арнайы тігілген қазақүйлер мен ақ дастархан басында университет ұжымы әзірлеген Наурыз-көжеден дәм татты.


Мерекелік іс-шараға барлық институттар белсене ат салысты. «Наурыз» мейрамы жоғары деңгейде өтті және қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler