қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

Студенттер үшін интеллектуалдық сайыс: логикалық ойлауды дамыту

 

2019 жылдың 19 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы мен «Студенттердің ғылыми қоғамы» бірлесіп өткізген Алматы қаласы ЖОО-ның арасында өткен «League of Chemists» атты интеллектуалдық сайысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география институты, химия кафедрасының «5В011200-Химия» мамандығының 2-3 курс студенттерінен құралған «Көшбасшы» және «Болашақ» командалары қатысып жүлделі 2 және 3 орындарды иеленіп, II-III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Команда жетекшісі: Химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсыбаева.

 

Сайыстың мақсаты: білім алушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін пайдаланып, тез ойлануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

 

Сайысқа Алматы қаласының 5 жоғары оқу орындарынан 10 студенттік командалар қатысты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен, Қазақ медицина университеті (әрқайсысы екі командадан) Қ.И. Сәтпаев және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (әрқайсысы бір командадан).

 

Сайыс 5 турдан тұрды.Студенттер логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын қиын да қилы сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Жеңімпаз командаларға диплом және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler