қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2019

«әз-Наурыз, хош келдің!»

 

2019 жылдың 11 сәуірінде Жаратылыстану және география институтындағы химия кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011200-Химия» мамандығының 1 курс студенттері «әз-Наурыз, хош келдің!» мерекелік іс-шарасын өткізді. Тәлімгер жетекшілері: х.ғ.к., қауым. профессор Жазира Мұқатаева, магистр оқытушысы Фарида Бухарбаева.

 

Мерекелік іс-шараға Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімінің басшысы Гүлзада Баймбетова, Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімінің бастығы Галия Кирилова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі директордың орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Нұрлан Манапов, кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева және институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты.

 

Мерекелік кеште қазақтың қара домбырасымен күй орындалып, ән шырқалды, би биленді. Ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер көрсетілді: құда түсу, қыз ұзату, шілдехана тойы, тұсау кесу, сүндет той. Мерекелік іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді.

 

Кеш соңында институт директоры Күләш Каймулдинова жиналған қауымды бірліктің, татулықтың, ізгіліктің белгісі болған - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Кеш соңында шашу шашылып, қазақтың ұлттық тағамдары: бауырсақ, құрт, ірімшік, талқан дастарханға қойылып, дәмді Наурыз көже таратылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler