қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

«Үздіктердің үздігі» конкурсы

 

9 сәуірде Ғылымның онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтында «Химия» мамандығының докторанттары мен магистранттарының ұйымдастыруымен 2-3 курс студенттерінің арасында «Үздіктердің үздігі» тақырыбында конкурс өтті.

 

Конкурста университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, профессор Хайрулла Жанбеков, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімінің бастығы Галия Кирилова, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Қаймулдинова, құрметті кафедра меңгерушісі, профессор Жеңіс Шоқыбаев, х.ғ.д., профессор Несіпхан Бектенов әділ қазылар алқасының мүшелері болды.

 

Конкурс өте көңілді әрі қызықты өтті. Әр команда өздерінің креативті және ұшқыр қиял ойларымен ерекшелініп, көрермендерді таң қалдырды.

 

Әділ қазылар алқасының шешімімен «Үздіктердің үздігі» конкурсының қорытындысы бойынша «Кристалл» тобы - бас жүлдені, «Diamond» тобы - «Ең ұшқыр ойлы топ», «Silver» тобы - «Ең өнерлі топ», «Brain» тобы - «Көрермендер көзайымы» номинацияларын жеңіп алды. Жүлдегерлердің бәрі арнайы мақтау қағазы мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler