қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2015

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық білім көкжиегіне жетер бір белес


Абай Университетінің тарихында айтарлықтай орны бар Жаратылыстану және география институтында наурыз айының 3-6 күндері аралығында Халықаралық ASIIN (Германия) аккредитациялау комиссиясының тексерісінен өтті. Аталмыш комиссия құрамында төмендегідей профессор, ғалымдар қызмет атқарып, Жаратылыстану және география институтының тексерістен өтуіне септігін тигізді.Вюцбург университеті Герман География қауымдастығының 1-ші президенті профессор, доктор Дитер Бон,Бремен университеті, Бремен биопроцесстерді дамыту бөлімінің директоры, профессор, доктор Инго Эйлкс, Нойбрандербур қолданбалы ғылымдар инженерлік ғылымдарының докторы, профессор Тобиас Хиллмен, Бремен қолданбалы ғылымдар университеті, Кельн университеті, биоорталық директоры, халықаралық ірі химиялық концерн Диетрих Шерцер, Дрезден технологиялық ғылымдар университеті, профессор, доктор Марина Фогел, Халықаралық ASIIN аккредитациялау комиссия төрағасы, доктор Георг Эбертсхаузер,техника ғылымдарының магистрі Астафева Екатерина ғалымдардың бастауымен институтымыздың география, химия, биология, бакалавр және магистратура мамандықтарына қойылған талаптарда келесідегідей мәселелер қарастырылды. Университетіміздің болашақта даму мүмкіндіктері әріптестік орнатудағы алғы шарттары, жаңа замандағы технологиялармен жабдықтарды қолдану, оқу және білім беру саласын ұтымды басқару мен тиімді ұйымдастыру.Институтта жұмыс істеп жатқан лабораториялармен студенттерге арналған кітапханамен танысу; институтымыздың құрамында жұмыс істейтін жеті кафедраның жетекшілерімен қызметтерін әрі модулді бағдарламалармен танысу; бітіруші түлектердің емтихан материалдарының меңгеру аясын анықтау болып табылды. Сарапшылардың тарапынан институтымызда білім алып жатқан түрлі курстағы студенттермен еркін пікір-алмасуы үлкен қызығушылықты тудырса, аталмыш аккредитациядан өткізу шарасы,институтымыздың өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,қазіргі жаһандық заманда көшбасшы әрі озық ғылымға ерекше мән берілетін Еуропа елдерінің үздік үлгілерінен үйрене отырып, отандық білім жүйесінің ерекшеліктерін дамыта түсу. Жаратылыстану және география институтының басшылығы, ПОҚ және студенттері мен магистранттары пікір алмасу барысында біздің студенттердің ағылшын тілінде салмақты ой бөлісіп тәжірибелермен алмасуына ризашылығын білдіріп жатты. Біздің жас болса да,берік қарқынды дамып келе жатқан еліміздегі тұңғыш білім ордасындағы институттың алдына қойылған нақты міндеттер мен мақсаттар дүниежүзілік білім көкжиегі атты асуы биік шыңдарды бағындырып, білім жарыстыратын заманға аяғымызды нық басып, халқымыздың ғылымы үшін маңызды жаңалықтар мен үздік жобалардың ашылуына кең ашылатын мүмкіндіктердің игі бастамасы болары анық.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры профессор Жанбеков Х.Н.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler